Ақтөбеде ер адам дүкенге нан алуға кіріп, қомақты қаржысынан айрылып қалды. Ол ақшаны көлігінде тастап кеткен деп жазады Актобе Таймс.
Ер адам 21 желтоқсан күні кешкі сағат 19:30 шамасында "Анвар" гипермаркетіне келген. Көлігін дүкеннің алдына қойыпты. Оның жоқтығын пайдаланған ұры жасанды кілт арқылы көліктің есігін ашып, 27 млн теңгені алып кеткен.
Кәсіпкер полицияға арыз жазды.