Жаңалықтар 24.12.2018 сағат 09:35  147

Астанада аялдамада сөмке ұрлаған ер азамат ұсталды

Астанада аялдамада сөмке ұрлаған жігіт ұсталды деп хабарлайдыАстана қалылық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Астанада аялдамада сөмке ұрлаған ер азамат ұсталды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«22 желтоқсанда полиция қызметкерлері Қарағанды облысының 28 жастағы тұрғынын аялдамада сөмке ұрлаған жерінен қолға түсірді. Қазіргі уақытта ол уақытша қамау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар полиция департаменті зардап шекендер болса хабарласуды сұрайды: Бейбітшілік 19,  немесе мына телефонға 8 (7172)71-61-71», - делінген хабарламада. 

Полиция қызметкерлері сөмкені азық-түлікке арналған арбаға салмауды, кезекте тұрғанда сөмкені қолға ұстап тұруға және әмиянды мен құнды заттарды полиэтиленді пакетке салмауға, сонымен қатар қоғамдық көлікте мұқият болуға, сөмкеңіздің жабық болуын қадағалауды және алдыңызда ұстап тұруды, отырған кезде алдыңызға алып отыруды, құнды заттарды киімнің ішкі қалталарында сақтау керектігі туралы ескертеді.

Дереккөз: Тengrinews.kz 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар