Сирияда қақтығыс басталғалы қарапайым халқы босып кетті. Бүгінде балық дерлік мемлекеттер босқындарды қабылдауға дайын екендерін, оларға гуманитарлық көмек қолын созатындарын жарыса айтып жатқанда Сауд Арабиясы үнсіз қалды.
Мұсылман мемлекетінің өз бауырлары үшінбұл қылығы көпшілік арасында түрлі пікірлер тудырды. Тіпті босқындарға көмек бермей отыр деп ашық айыптады. Ал, Сауд Арабиясы «оң қолың жасаған жақсылықты сол қолың көрмесін» деген қағиданы ұстаныпты.
Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрі өкілдері өздеріне айтылған сынға қарсы дәйекті жауап беріп, сириялық босқындарға шындығында қаншалықты қолдау жасалып отырғаны туралы деректерді жария етті.
Әзірше Еуропа елдері жүздеген босқындардың мәселесін дау қылып, оларды концлагерге ұқсас мекемелерге орналастырғанша,Сауд Арабиясы осы уақытта 2,5 миллион босқынды қабылдап үлгерді. Алайда, сириялықтарға босқындар ретінде емес,өздерімен тең бауыр, ел азаматы ретінде қарап, барлық азаматтық құқықтарын қорғауда.
Елдің ресми агенттігі сириялықтардың қайғысын жеңілдетуге бағытталған арнайы шешімдер туралы үкімет берген деректерді діни әрі гуманитарлық көмек көлеміне байланысты басында жария қылмауды мақсат тұтқан. Бұл жайында Al Arabiya хабарлады деп жазады ummet.kz
Ресми мәлімдемеге сәйкес, Сирия өңірінде соғыс басталғалы 2,5 млн босқынды қабылдап, оларға заңды тұру құқығын, тегін медициналық көмек пен жұмыспен қамтыған. Балалар мен жастарды мектепке, университеттерге қабылдады. Негізінен, Сауд Арабиясы мемлекеттік мектептеріне 100 000-нан аса балалар тіркелді.
Сонымен қатар, Сауд Арабиясы Иордания мен Ливан елдеріндегі босқындар лагеріне жүйелі түрде көмек көрсетіп келеді. Осы мақсатта мемлекет қаржысынан күні бүгінге дейін 700 млн доллар жұмсалған.
Корольдік билігі Иорданиядағы Заатари лагеріне медициналық орталық салып, ақылы баспананы жалға алып берген. Сондай-ақ Ливан мен Сирияның өзіндегі отбасыларға азық-түлік жеткізуде.