$ 494.87  520.65  4.91

ТМД елдерінің «Әскери ынтымақтастық-2015» оқу-жаттығуы басталды

Шымкент қаласының әуе базасында Су-25 және МиГ-29 атты ұшақтары ТМД-ның әуе шабуылдарына қарсы қорғанысы «Әскери ынтымақтастық-2015» атты бірлескен жүйесінің аясында Жетіген бекетіне орналастырылып, тәжірибе Қарағанды облысының «Сарышаған» әскери полигонында өткізілді, деп хабарлайды ҚР – ның Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі.

Таралған ақпараттар легіне сәйкес, жоспар бойынша ұшқыштар тәжірибе жүзінде қаруды жерде және әуеде нысаға жоғары дәлдікпен атулары керек.

«Майдан авиациясы күндізгі және түнгі жағдайда әуедегі нысана бойынша жұмыс жасайтын болады.Ұшқыштардың әскери атыстары жеке және жалпы құрам бойынша жүзеге асырылмақ.Сонымен қатар, авиациялық жарылғыш заттар да  қолданылады».

Аталған жоспарды еліміздің Әуе қорғаныс күштерінің басқолбасшысының орынбасары Тұралы Қойшықұлов жүзеге асырады, деп көрсетілген ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары