ҚР Президентінің орталық коммуникация қызметінің брифингінде министр Ерболат Досаев мұнай бағасының төмендігіне байланысты салық төлеу жүйесіне өзгерістер енгізу қажет екендігін айтты, деп хабарлайды Kazpravda.kz.
«Біздің ойымызша, әлемдік экономиканың ұзақ мерзімді дамуы жағдайында оның ішінде экспорттық тауарлардың бағасы өте жоғары болмай тұрған кезде біз қажетті өлшемдерді қабылдауымыз қажет. Бұл өз кезегінде салық төлеу жүйесіндегі әділдіктерге әкеледі», -деп мәлімдеді Е.Досаев.
Ұлттық экономика министрлігінің болжамынша, мұнай баррельі жақын аралықтағы 5-10 жылдықта $50 деңгейінде қалады екен.
Сондай-ақ, «салық төлеу жүйесіндегі өзгерістер 2016 жылғы Салық кодексіне де енеді», -деп хабарлады министр.