$ 448.89  477.93  4.76

Ақтөбеде бір топ жігіттің ер адамды пышақтап кеткен видеосы желіде тарап кетті (ВИДЕО)

Ақтөбеде желтоқсанның 23-нен 24-не қараған түні бір топ жігіттің ер адамды пышақтап кеткен сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Instagram мен Whatsapp-та тараған видеода бірнеше жігіттің жалғыз адамға жабылып, кейін бірінің аяусыз пышақ сұққаны анық көрінеді. Тек соққыға жығылған адам камераның тасасында қалған. 

Оқиғаны ҚР ішкі істер министрлігі растап отыр. 

«Пышақ жарақатын алған жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Кезекші полицейлер дер кезінде шара қолданып, күдіктілерді тұтқындады»,  – дейді ішкі істер министрлігі Zakon.kz порталына берген хабарламасында. 

Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары