$ 494.87  520.65  4.91

Астанада 25 градус аязда жартылай жалаңаш жүгірген ер адам жұртты таң қалдырды

Астанада өткен қысқы марафон кезінде қатысушылардың бірі қақаған аязда шортымен жүгірді. Оның суреті желіде тарап кетті деп жазады Stan.kz.

Әлеуметтік желіде елордада өткен қысқы марафон кезінде 25 градус аязда шортымен жүгірген ер адамның суреті пайда болды.

«Қандай марафоншы! Диванда отырған менің өзім қайран қалып отырмын», «Керемет. Көліктен кеңсеге жеткенше тоңып қаламын», «Тамаша. Мықты екен», – дейді пікір қалдырушылар.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, II Astana winter marathon-ға жалпы саны 1,6 мың адам қатысқан.

Сондай-ақ, еліміздің басқа да қалаларында, Ресей мен Украинада тағы 300 адам жүгіріп, марафонды қолдаған. Қатысушылардың жасы 12-74 аралығында екен.

5 шақырым қашықтықта жүгіруден Серік Исмайылов мен Адель Шахайдар жеңіске жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары