$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында мүгедек адамды өлтірді деген күдікпен 34 жастағы әйел ұсталды

Алматы облысының полицейлері 30 жастағы мүмкіндігі шектеулі ер адамды өлтірді деген күдікпен 34 жастағы әйелді ұстады деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Қаратал ауданында болған. 24 желтоқсанда жергілікті полицейлерге Үштөбе қаласындағы үйлердің бірінен ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. 

Оқиға орнында тәртіп сақшылары қайтыс болған азаматтың бір аяғы жоқ 1-топтағы мүгедек екенін және анасымен бірге тұрғанын анықтады. Дене жарақатын салған қылмыс құралы болуы мүмкін ас үй пышағы оқиға орнынан табылып, тәркіленді. 

«Қаратал ауданының полициясы адам өліміне қатысы бар деген күдікпен зардап шегушімен көрші тұратын 34 жастағы әйел адамды ұстады. Алдын-ала тергеу барысында анықталғандай, қанды оқиғаның орын алуына ішімдік ішу  кезінде туындаған  жанжал себеп болған. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті аудандық уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды», - деп мәлімдеді   Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар, полиция таратқан ақпарат бойынша қамауға  алынған азаматша бұған дейін тонау ісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары