$ 524.58  551.91  4.93

Ақтөбеде өрттен екі сәби қаза тапты

Ақтөбеде 25 желтоқсан күні 9 қабатты үйден өрт шығып, салдарынан екі сәби қаза тапты деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінінің өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов. 

Жалын төртінші қабаттағы пәтердің ас үйінен басталған. Өрт шыққандығы туралы сағат 17:00 шамасында хабарланған.

Өрт сөндірушілер 95 адамды эвакуациялап, 30 адамды жалыннан аман алып қалды.

Оқиға орнынан 2015 және 2012 жылы туған екі сәбидің өлі денесі табылған. 

Жалынды сөндіруге Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 5 арнайы техника және 21 адам жұмылдырылды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары