25 желтоқсан күні Ақтөбеде көпқабатты үйлердің бірінде болғант өрттің себебі анықталды деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өрт-техникалық және барлық қажетті сот сараптамалары тағайындалды.
Болжам бойынша, өрт асүйлердің біріндегі пештің ашық қалуынан шыққан.
Департаменттегілер тұрғындарды өрт қауіпсіздігін сақтап, балаларды үйде жалғыз қалдырмауға шақырды.