$ 498.34  519.72  4.85

Астанада мас полицей жол апатын тудырды (ВИДЕО)

Астанада рөлге мас күйінде отырған полицейдің кесірінен жол апаты болды деп жазады Newtimes.kz.

Осынау сәтті видеоға түсіріп алған бойжеткен оны Insagram әлеуметтік желісіндегі топтардың біріне жариялаған.

Полиция қызметкері бойжеткеннің көлігін соққан. Бейнежазбада рөлде отырған ер адамның мас екені анық көрініп тұр.

Астана қалалық Полиция департаменті көлікті мас күйде тізгіндеген қызметкердің жұмыстан қуылғанын хабарлады. 

«Астана қалалық Полиция департаментінің жол-патрульдік қызметінің полицейі 24 желтоқсан күні жол апатын тудырған. Тексеру жұмыстары жүргізіліп, ол 25 желтоқсанда жұмыстан қуылды. Сондай-ақ, жол апатын тудырғаны үшін оған әкімшілік материал құрылды», ― делінген хабарламада.         

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары