26.12.2018, 09:35

Сән көрсетілімінде төсін көрсетіп шыққан модель өзін кім ұрғанын айтты

Елордалық жастар мәслихатының депутаты, модель Динагүл Тасова желтоқсанның басында Fashion Night Astana сән көрсетілімінде ашық-шашық киіммен шыққаннан кейін соққыға жығылғанын бұған дейін мәлімдеген. Тасова бұл жолы өзін кім ұрғанын тарқатып айтты. 

«5 жылдан бері кездесіп жүрген жігітім мені қолдаудың орнына сабап тастады. Мені түсінетін шығар деп едім, керісінше телефонымды, компьютерімді тартып алды. Желідегі аккаунтымды өшіріп тастап, ешкімге хабарласа алмай қалдым», – деп жазды модель әлеуметтік желідегі парақшасына.

Полицейлерге арыз түсірмейтінін айтқан Тасова алдағы уақытта зорлық-зомбылық көрген әйелдер құқығын қорғауды мақсат етіп отыр. 

Динагүл Тасова «Fashion Night Astana» кешінде Dana Dyusembayeva сән үйінің көйлегін киіп шыққан болатын. Төсі анық көрініп тұрған модельді көпшілік қатаң сынға алған еді.