Жаңалықтар 26.12.2018 сағат 09:55

Синоптиктер алдағы күнде аяздың беті қайтатынын айтты

«Қазгидромет»  метеоқызметі алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктер алдағы күнде аяздың беті қайтатынын айтты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстанға қатты аяз ала келген Сібір антициклоны республиканың басым бөлігінің ауа райына әсерін әлі де жоғалтпайды. Алдағы тәулікте, әсіресе түнде қатты аяз болады.

Алайда батыс облыстарға циклон және атмосфералық фронттармен бірге жылы әрі ылғалды ауа массалары келеді. Осы циклонның шығыс бағытта жылжуы салдарынан кей жерде қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан қатты жел тұрады, аяздың беті қайтып, температура біртіндеп жоғарылайды.

Gismeteo болжамы бойынша, 27 желтоқсанда Астанада ауа температурасы түнде және таңертең —28, —31 градус болса, күндіз және кешкі —22, —23 градус. 28-29 желтоқсанда ауа температурасы —14 градус болады.

Алматыда 27 желтоқсанда түнде және таңертең 7, 8 градус нөлден төмен, қар жауады, күндіз және кешке 4-6 градус суық. 28 желтоқсанда күндіз ауа температурасы минус 2 градус, ал 29 желтоқсанда 3 градусқа дейін нөлден жоғары болады.

Шымкентте 27 желтоқсанда ауа температурасы 9 градус жылы болады. Ал 28-29 желтоқсанда ауа температурасы 12 градусқа дейін жылынады.

Дереккөз: Sputniknews.kz

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар