Ресейде ер адам қызғаныштан әйелі мен қызын атып өлтірді деп жазады Lenta.ru.
Ульяновск қаласындағы үйлердің бірінен 48 жастағы әйелдің, 15 және 11 жастағы қыздардың денесі табылған. Бұл туралы Ресейдің Тергеу комитетіндегілер мәлімдеді.
Тергеу мәліметінше, ер адам отбасы мүшелерінің барлығын атып өлтіріп, артынша өз-өзіне қол жұмсаған. Тек 17 жастағы жасөспірім аман қалды. Ол ауруханаға жеткізілген.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, мұндай әрекетке ер адам қызғаныштан барған.