Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасында IMEI кодтарын тіркеу жөнінде баспасөз конференциясы өтті деп жазады Stan.kz.
Конференция барысында телефон нөмірлерін ЖСН-ға байланыстырып, тіркеудің жолдары ғана емес, сондай-ақ тіркеудегі телефонды қалай тіркеуден шығаруға болатыны жайлы айтылды.
Егер пайдаланушы нөмірі мен телефонын өз атына тіркегеннен кейін, ол смартфонды қандай да бір себептермен қолданғысы келмей, біреуге сатқысы келетін болса, операторларға хабарласып, сол құрылғыны өзінің атынан алып тастауын сұрай алады.
Сонда, тіркеуден шығарылған телефон судай жаңа құрылғы секілді ешкімге байланыстырылмайды.
Айта кетейік, бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен конференцияда елде не үшін IMEI кодты тіркеу міндеттелгені жайлы айтылды.