Парламент жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексін қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz.
«Азаматтық іс жүргізу кодексіндегі түзетулердiң барлығы Жаңғырту жөнiндегi ұлттық комиссияның шешiмдерiн орындауға бағытталғанын атап өткен жөн», - деп мәлімдеді заңнама және сот-құқықтық реформа комитетiнiң мүшесi Нұрлан Әбдiров.
Естеріңізде болса, Азаматтық іс жүргізу кодекс жобасын Парламент Мәжiлiсi биылғы жылдың 6 мамырында екiншi оқылымда мақұлдап, Парламент Санатының қарауына 430 түзетумен жолдаған болатын.
Алайда, Кодекс жобасына Сенат қосымша 87 өзгертулер енгiзiп, 17 қыркүйекте Парламент Мәжiлiсiне қайтарды.
Нұрлан Әбдiровтың айтуынша, өзгерiстер ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» ұлттық жоспарында көрсетiлген тапсырмаларын iске асыру мақсатында енгiзiлді. Сонымен қатар бұл түзетулер аталмыш жоспардың тоғыз қадамын жүзеге асыруға бағытталып отыр.
Сондай-ақ, осы отырыста Мәжiлiс «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңының жобасына ҚР Парламентi Сенаты енгiзген өзгерiстер мен толықтыруларды қабылдады.