23.09.2015, 08:59

Иран Израильді жер бетінен жоятынын мәлімдеді

nb.kz

Иран армиясының командирі Атаолла Салехи ел әскерінің ширек ғасырда Израильді мүлдем жойып жібере алатынын мәлімдеді деп хабарлайды Tasnim ақпараттық агенттігі.

«Біз Израильді түгін қалдырмай жойып жібереміз. Олардың бізге шабуылын асыға күтеміз, егер Израиль Иранды шабуылдаса шамамен 25 жылда біз олардың ізін де қалдырмаймыз» деді генерал-майор Салехи тілшілерге берген сұхбатында. Ол сондай-ақ, Израильдің жермен-жексен болуы АҚШ-қа тиімді екенін де айтып отыр.

Айта кетейік, 2015 жылдың 9 қыркүйегінде Иран жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи еврейлер елінің ширек ғасырда жер бетінен жойылатынын болжаған болатын.

«Алла қаласа, ширек ғасырдан кейін жер бетінде сионистік режим ықпалынан айрылады», – деген еді.

Иран мен Израиль арасындағы дипломатиялық қатынас 1979 жылы Ирандағы Ислам революциясынан кейін үзілді. Тегеран Израиль деген елдің барын әліге дейін мойындаған емес.

baq.kz