$ 494.87  520.65  4.91

Таразда халықаралық ақындар айтысы өтеді

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай  ағымдағы жылдың 8-қазанында  Тараз қаласындағы Баласағұн орталық концерт залында «Мәңгілік ел» халықаралық ақындар айтысы өтеді.

Оған елімізден және Қытай, Манғолия елдерінен барлығы 26 шаппа-шап сөз өнерлерінің шеберлері қатысады,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Айтыста Қазақ хандығының терең тарихы, хандар мен батыр-билердің қайталанбас ерліктері  от ауызды, орақ тілді айтыскерлердің жырларына арқау бола отырып, өткен күн мен бүгіннің тарихи байланысы әдемі көрініс табады деп күтілуде. Сондай-ақ Елбасының «Ұлы даланың перзенттеріміз» идеясы да жан-жақты жырланып, ақындардың тіліне тірек болмақ.  
Бұл халықаралық айтыс «Нұр Отан» демократиялық партиясының тікелей қолдауымен жүзеге асырғалы отырмыз.  «Мәңгілік ел» идеясы төңірегінде аламанға түскен ақындар өздерінің шеберліктері мен жоғары дайындықтарын пайдалана отырып өзара «кім мықтыны?» анықтайды,-дейді облыс әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев.
Шара екі кезеңнен тұрады. Іріктеу және финалдық кезеңдер. Айтулы Айнұр Тұрсынбаева, Еркебұлан Қайназаров, Айбек Қалиев, Ринат Зайытов, Мұхтар Ниязов және тағы басқа азуы алты қарыс айтыскер ақындармен қатар жамбылдық Нұрлыбек Құрманов, Қанат Мырзахан, Дархан Әбдіманат секілді жас талаптар да сөз сайысына түспек. 
Айтысты ақын, Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты Жүрсін Ерман жүргізіп отырады. 
Әжділқазылар құрамында белгілі сақа айтыскер ақындар, өнер майталмандары болады.  Шара барысында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы--Қазақ хандығы» атты жазба жас ақындарының республикалық жыр-мүшайрасының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары