Атақты футбол клубы «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы шабуылшысы Эрик Кантона босқындардың жанұясын екі жыл бойына баспана және азық-түлікпен бойынша қамтамасыз ететін болады, деп жазады Baq.kz
«Мен бүгінгі күні Марсельдің үкіметімен осы мәселе бойынша жұмыс жүргіземін. Егер сіз қызметке тұруға құқығы жоқ адамды қамқорлығыңызға алсаңыз, сіз оны тамақпен де қамтамасыз етуге тиіссіз ғой?», – дейді Кантона.
Сонымен қатар, босқындарға қол ұшын созуға Еуропа футбол қауымдастығы, Швейцария футбол қауымдастығы, сонымен қатар, кейбір еуропалық клубтардың ойыншылары шақырылған.
Естеріңізде болса, Кантона үлкен спортпен 1997 жылы қоштасқан болатын. Содан бері ол кино әлемінде бағын сынап келеді.
2015 жылдың басынан бері Еуроодақ аймағына Таяу Шығыс пен Африкадан 500 мыңға жуық босқын ағылып келді. Ғалымдардың айтуынша аталмыш мәселе екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі дағдарыс деп мойындалып отыр.