$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбе тұрғыны ақыл тісін жұлдырамын деп өліп қала жаздаған

Енді шығып келе жатқан ақыл тісі ауырып, стоматологияға барған Ақтөбе тұрғыны Елена Кожемякина тісін аман-есен жұлдыртқан. Біраз уақыттан соң ол емханаға қайта қаралуға барған деп жазады timeskz.kz.

«18 желтоқсан күні «Евродент» емханасындағылар ет шеткі тісті жұлдыртудың өте қиын екенін айтты», – дейді Елена Кожемякина. 

Тіс жұлу аса қиынға соқпағанымен бірнеше күннен кейін ісік басталған. 34 жастағы әйелдің дәрігер тігісін тазалап, жақын арада жазылып кететінін айтқан. 

«Ісіктің кететінін айтқанымен мен аузымды аша алмай қалдым. Маған инфекция түсіріп жіберген деп ойлаймын. Дәрігерлер Жаңа жыл алдында маған істегендері үшін жауап беруі керек», – дейді ақтөбелік келіншек. 

Елена ісік одан сайын үлкейе бастаған соң жедел жәрдеммен аурухана түсіп, сонда операция жасалғанын айтады. 

Жедел жәрдем ауруханасы жақ-бет хирургиясының дәрігері Даурен Алшынның айтуынша, Елена ауруханаға 38 градус дене қызуымен түскен.

«Тіпті сұраққа да жауап бере алмайтын жағдайда еді. Оған дереу опеарция жасап, антибиотик бердік. Бізге уақытында келді. Әйтпегенде жағдайды дұрыстай алмас едік», – дейді дәрігер.

Қазір әйел тамақ жей алмаса да сорпа ішіп жүр. 

«Ақыл тісті жұлғаннан кейінгі жағдай адамның иммунитетіне байланысты. Дәрігер қолынан келгенінің бәрін істеді. Кейде бірі суықтатып алады. Бірақ инфекция түсуі мүмкін емес», – дейді  «Евродент» стоматологиясының басшысы Альфия Ихсанова. 

Келіншек Жаңа жылды да ауруханада өткізеді. Себебі, дәрігерлер жағдайы бірқалыпты болғанша бақылауда болуы керек деп отыр. 

Денсаулығы дұрысталғаннан кейін Елена Ақтөбе Медициналық қызмет көрсетуді бақылау департаментіне арыз түсіремін дейді. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары