$ 446.49  475.38  4.79

Шымкент тұрғыны үшем дүниеге әкелді

32 жастағы Шымкент тұрғыны Динара Налыбаева үшем дүниеге әкеліп, алты баланың анасы атанды деп жазады Nur.kz.

Үшем 24 қарашада кесер тілігі арқылы дүниеге келген. Алайда, салмақ қосу үшін перзентханадан сәбилер 27 желтоқсанда ғана шығарылды. Олардың салмағы - 1300-1700 грамм. Бойы - 38-40 см. Үшемге Омар, Осман және Зейнеп деген есімдер қойылды. 

Статистика бойынша, жыл сайын Шымкентте 7-13 үшем дүниеге келеді. Соңғы 10 жылда 167 үшем туылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары