27.12.2018, 12:28

Лифттегі журналист өлімі: механик шартты жазамен бостандыққа шықты

Ақтөбеде журналист өлімінен соң сот залынан тұтқынға алынған механик Жарылқасын Ақжанов бостандыққа шықты. Ол барлық моралдық шығынды өтеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысында журналист Айзат Әбдісаматтың өлімінен соң қылмыстық іс сотта қаралып, «Жанабек Сервис» ЖШС-нің директоры Кенен Жанабеков пен механик Жарылқасын Ақжанов айыпты деп танылды. №2 қалалық соттың шешімімен Кенен Жанабеков 4 жылға шартты түрде, Жарылқасын Ақжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Айыпталушы тарап апелляциялық шағым түсіріп, облыстық сотта шешім шықты. 

«Жарылқасын Ақжановтың 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы сол мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыруға өзгертілді. Сотталушы апелляциялық шағым түсіргенге дейін моральдық шығынды толық өтеді», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. 

Сот үкімі заңды күшіне енді.