Жаңалықтар 28.12.2018 сағат 04:15  267

Жаңа жыл тойламай, қайырымдылық жасайтындар қатарына қызылордалық шенеуніктер де қосылды

Қызылорда облысының мемлекеттік қызметшілері жаңажылдық кештерді өткізудің орнына қайырымдылықпен айналысатын болады деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Жаңа жыл тойламай, қайырымдылық жасайтындар қатарына қызылордалық шенеуніктер де қосылды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Биыл қызылордалық мемлекеттік қызметшілерге Жаңа жыл мерекесін мейрамханаларда атап өтудің орнына қайырылымдылық шараларын ұйымдастыру ұсынылды. 

«Биыл облыстағы мемлекеттік мекемелерге жаңажылдық мерекеге орай корпоративтік кештерді мейрамханалар мен дәмханаларда атап өтуден шектеліп, оның орнына тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж жандарға қайырымдылық шараларын өткізуді ұсындық», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев. 

Бүгінде аталған ұсыныс барлық аудан әкімдіктері және облыстық статистика, ішкі мемлекеттік аудит, мемлекеттік кірістер және қазынашылық департаменттері тарапынан қолдау тапты. 

Сондай-ақ, жаңа жыл мерекесі қарсаңында мемқызметшілер мен оларға теңестірілген қызметкерлердің заңсыз сыйлық алу және беру деректерінің алдын алу мақсатында ҮЕҰ өкілдері мен қоғам белсенділері топ құрған. Олар бірлесіп, рейдтік шаралар өткізетін болады. 

«Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғаларға қызмет бабында сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауына тыйым салынады. Олар 2 айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемде сыйлық алған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 677-бабына сәйкес, 600 АЕК көлемінде айыппұл салуға, ал сыйлық берген азаматқа осы Кодекстің 676-бабына сәйкес, 200 АЕК көлемінде айыппұл салуға жазаланады. Егер сыйақы көлемі 2 АЕК-тен  артық болса, онда ол пара ретінде бағаланады және оны алған тұлға да, берген тұлға да қылмыстық жауапкершілікке тартылады», - деді Б.Байхожаев.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар