25.09.2015, 04:02

АҚШ лаңкестік ұйыммен күресуге 45 млн. доллар бөлді

old.abai.kz

Нигериялық лаңкестік болып саналатын «Боко Харам» ұйымымен күресуге Құрама штаттар 45 млн. доллар бөлді, деп хабарлайды Reuters.

Аталмыш қаржы қорғаныс  техникалары мен әсери дайындықты күшейту үшін жұмсалады. Сондай-ақ қаражат Бенин, Камерун, Чад, Нигер және Нигерияға жіберілген.

Айта кетейік, «Боко Харам» ұйымы 2009 жылы БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесіне лаңкестік  террористік ұйым ретінде тіркелген болатын. Аталмыш ұйым 2002 жылы құрылып, бұған дейін көптеген террористік актілерді ұйымдастырып келуде.

Бұған дейін БҰҰ Балалар қоры - ЮНИСЕФ таратқан мәлімет бойынша «Боко Харам» лаңкестер ұйымының ықпалынан 1,5 млн. бала Нигерияны тастауға мәжбүр болған. Сонымен қатар 265 мың бала Камерун, Чад пен Нигерді тастап кеткен.