$ 443.85  474.3  4.8

Қостанай облысында ер адам мен әйелдің арасындағы жанжал өліммен аяқталды

Қостанай облысында ер адам мен әйелдің арасындағы жанжал өліммен аяқталды. Бұл оқиға Алтынсарин ауданындағы Большая Чураков ауылында болған деп жазады Alau.kz.

Полиция жеке үйлердің бірінен қинап өлтірілген белгілері бар әйелдің мәйітін тапты. Оның басы жарылған. 

«Шұғыл іздестіру кезінде марқұммен бірге тұрған ер адам ұсталды. Оқиға болған күні әйел алкогольдік ішімдік ішкен. Арада туған жанжал кезінде күдікті әйелді итеріп жібереді. Сол уақытта ол жерге құлап, басынан жарақат алған», — дейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта болған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары