Синоптиктер қаңтар айында ауа райы қандай болатынын айтты деп хабарлайды «Қазгидромет» орталығы.
Синоптиктердің болжамынша, қаңтарда орташа айлық ауа температурасы республиканың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында нормадан 1 градустан жоғары, ал қалған аймақта климаттық нормаға жақын болады.
«Бірінші декаданың басында республиканың солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық аймақтары суық антициклонның ықпалында болады. Термометрдің сынап бағанасы түнде 25...30, кей жерлерде 35 градусқа дейін аяз, күндіз 15...20, кей жерлерде 25 аязға дейін төмендейді», - дейді «Қазгидромет» өкілдері.
Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, еліміздің батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстігіне жылы ауа массалары келіп, жауын-шашын түседі. Ауа температурасы: түнде 2...7, кей жерлерде 12 градус аяз, күндіз 0...5 жылы, кей жерлерде 5 градусқа дейін аяз болады.
Дереккөз: Tengrinews.kz