$ 447.4  477.55  4.76

Шекарадан 84 млн. теңге болатын контрабандалық тауар тәркіленді

Қазақстандық шекарашылар "Оазис" заставасының аумағында (қазақ-өзбек шекарасы), нақтырақ айтқанда мемлекеттік шекара сызығынан 4 шақырым қашықтықта Өзбекстан жерінен Қазақстанға қарай келе жатқан тіркемелі "КамАЗ -5320" жүк көлігін тоқтатты, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Көлікті тексеру кезінде одан 600 қапқа салынған, салмағы 21 тонна болатын контрабандалық жүк - шаян тұқымы табылды. Алдын ала белгіленген құны 84 000 000 теңгеге жетіп жығылды. Жүк көлігінің 55 жастағы жүргізушісі жүктің ғана емес, тіпті өзінің де жеке басын куәландыратын құжатын көрсете алмады.

Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары