$ 446.49  475.38  4.79

Алматыдағы жол апатынан аялдамада түрғандар ажал құшты

Алматы полициясы екі адамның өмірін қиған жол апаты бойынша тергеу амалдарын жалғастыруда, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 23 қыркүйекте Абай даңғылы мен Тұрғыт Озал көшелерінің қиылысында болған.

«Мазда-3» мен «Тойота Камри» көліктерінің соқтығысуынан көліктердің бірі аялдама кешенін жайпап кеткен. Салдарынан автобус тосып тұрған 4 адам жапа шеккен.

Екі адам сол жерде қаза болса, жүргізуші мен екі бойжеткен түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

«Аталған оқиға ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағы бойынша бірыңғай сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары барысында қай көліктің жол апатына себепкер болғаны анықталады», - деді қалалық ІІД басқарма басшысы Рустам Әбдірахманов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары