$ 448.15  483.46  4.86

Өскемен қаласының әкімі жанайқайын жеткізген мұғалімге жұмыс ұсынғанын айтты

Өскемен қаласының әкімі Жаксылык Омар мұғалімдердің бүгінгі ахуалы мен мәртебесі туралы айтып, жанайқайын жеткізген педагогпен арнайы кездесті. Бұл туралы әкім өз желідегі парақшасында бөліскен.

Әкімнің сөзінше, ол Оксана Александрованы қалалық білім бөліміне жұмысқа шақырыпты.

«Кеше №39 мектептің мұғалімі Оксана Александровамен кездестім. Ол «Педагогтардың мәртебесі туралы» дайындалып жатқан Заңға қатысты өз ұсыныстарын жазып, ашық хат жолдаған еді. Оның хатында өзекті мәселелер көтерілген. Алдымен Оксана Васильевнаға ұсыныстары үшін алғыс білдіріп, оны қалалық білім бөліміне жұмысқа шақырдым», – деп жазды Жақсылық Омар өз Instagram-парақшасында.

Еске салсақ, Оксана Александрова мұғалімдерге қатысты ахуалды мәселелерді көтеріп, ашық хат жолдаған болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары