$ 443.35  475.54  4.82

Ақтауда отшашуға 3 млн теңге бөлінді

Ақтауда Жаңа жыл мерекесі күні отшашу 15-шағынауданындағы жағалауда екі рет атылады деп жазады inaktau.kz.

Бақылау және қадағалау комитеті директорының уақытша міндетін атқарушы Әмірхан Құлбаевтың айтуынша, Жаңа жыл түні екі рет отшашу болады. Біріншісі – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзінен кейін, ал екіншісі – дәл сағат 00:00-де .

«Жаңажылдық от шашуға 3 млн теңге бөлінді. Бұл жұмысты «Казахстан салют» компаниясы атқарады», - дейді Әмірхан Құлбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары