01.01.2019, 07:35

Жаңа жыл түні Қарағандыда үй өртеніп, екі адам қайтыс болды

Қарағандыда үй өртеніп, 2 адам қайтыс болды деп жазады ҚазАқпарат Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Департамент таратқан мәліметтерге қарағанда, 1 қаңтар күні сағат 01-32-де өртке қарсы қызметтің кезекшілік нөміріне Қарағанда қаласы, Октябрь ауданы Болотная көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт сағат 02-28-де ауыздықталып, 03-13-те толық сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ 100 шаршы метрді құрайды. Оқиға орнынан 1961 және 1957 жылы туған екі адамның мәйіті табылды.

Куәгерлердің сөзінше, құрбан болғандар спирттік ішімдік ішкен. Өртті сөндіруге Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 28 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылды.