01.01.2019, 08:30

Жаңа жыл түні Астанада 24 сәби дүниеге келді

Астанада Жаңа жыл түнінде 24 сәби дүниеге келді. Бұл туралы ҚазАқпарат порталына елорда әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева мәлім етті.

«Түнгі 00:00-ден 1 қаңтардағы сағат 11:00-ге дейін Астана қаласы бойынша 24 бала дүниеге келді. Оның ішінде 12-сі ер бала және қалған 12-сі қыз бала. Нәрестелер мен олардың аналарының денсаулығы жағдайы жақсы», - деді ол.