Бірнеше бағдарламаның продюсері, белгілі журналист Дәулет Мұқаев «Астана-Семей» пойызындағы сорақылықты көрсетіп, ҚТЖ басшылығын сынға алды. Бұл туралы ол Instgram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Журналист кадрда вагон терезелеріне жапсырылған скотчтарды көрсетіп, «осыған адамдар ақша төлейді, сұмдық қой?» деп налиды.
«2019 жыл... Астана (Нұрлы жол) - Семей бағытындағы №154 пойыз. ҚТЖ басшылығы қайда қарап отыр? Семейіме дұрыс вагон таппай қалдыңдар ма?
«Рухани жаңғыру» деп вагондарды да жаңартсаңдаршы. Қытайдың скотчы бізге көмектеспейді», – деп жазды Мұқаев.
Еске сала кетейік, бұған дейін белгілі журналист Қасым Аманжол да пойыздардың ластығын айтып, желідегі парақшасына өзі отырған вагоннан бірнеше сурет жүктеген болатын.