$ 498.34  519.72  4.85

Жаңа жылдық мерекеде 20 астаналық тамақтан уланып қалды

Елорда Жаңажылдық мереке күндері 20 адам тамақтан уланып қалды. Бұл туралы Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы айтты деп жазады ҚазАқпарат.

«2018 жылыдң 30 желтоқсаны мен 2019 жылдың 2 қаңтары аралығында қалалық инфекциялық ауруханаға өткір бактериялық-ішек инфекциясы диагнозымен 20 адам жүгінді. Олардың 16-сы ауруханаға жатқызылып, қалғандары амбулаторлық ем алу үшін тұрғылықты жерлеріне жіберілді», - делінген басқарма хабарламасында.

Сонымен қатар, ведомство мәліметінше, балалар инфекциялық ауруханасына өткір бактериялық-ішек инфекциясы диагнозымен 1 бала жатқызылған.

«Барлық пациенттердің жағдайы орташа ауырлық деңгейі ретінде бағаланады. Олар аурухана мамандарының бақылауында», - деді басқармадан.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары