$ 494.87  520.65  4.91

Алматы – Талдықорған тасжолында көлік жүргізуші полицейден фоторадарды алып тастауды талап етті (ВИДЕО)

Алматы-Талдықорған тасжолында көлік жүргізуші жол жиегінде тұрған полиция қызметкерлеріне шүйлігіп, «Крис П» фоторадар кешенін алып тастауды талап етті. Өз әрекетін камераға түсіріп отырған азаматтың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Көлік жүргізушісінің айтуынша, полицейлер «Крис П» қондырғысын Алматы-Талдықорған тас жолының Сарыөзек ауылынан кейінгі тұсына орнатқан. Тәртіп сақшыларынан өздерін таныстыруды талап еткен ол, фоторадар кешенін орнату себебін сұраған. 

«Егер радар жайдан-жай тұрған болса, онда мен оны алып кетуіме бола ма?» деп сұрады ол. Алайда, өз әрекетін түсіндіре алмаған құқық қорғаушылар жүргізушінің талабын орындап, «Крис П» құралын қызметтік көліктің жүксалғышына салуға мәжбүр болған. 

Бұл оқиғаны Алматы облыстық полиция департаменті өз бақылауына алды. Департаменттің баспасөз қызметінің өкілі Серік Үпиевтің айтуынша, «Крис П» жылжымалы фоторадар кешені жол бойындағы әртүрлі заңбұзушылықтарды анықтау мақсатында қойылған. 

«Ол, ең алдымен, автожолдың жол учаскесіндегі жылдамдық тәртібін бұзу фактілерін анықтайды. Аталған құрылғының тиісті құжаттары, яғни сертификаттары бар», - дейді баспасөз қызметінің өкілі. 

Сондай-ақ, Серік Үпиев тәртіп сақшылары мен жүргізуші арасындағы түсінбестікке қатысты тиісті тексеру жұмыстары жүріп жатқанын атап өтіп, тексеру қорытындысы бойынша жағдайға құқықтық баға берілетінін тілге тиек етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары