$ 448.89  477.93  4.76

БҚО-да ауа райына баланысты жол жабылды

Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты жол жабылды деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазавтожол» ЖШС БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, бүгін сағат 11.00-ден бастап қатты бұрқасынға байланысты оңтүстік аудандар бағытындағы жолдар жабылды.

Атап айтқанда, республикалық маңызы бар «Қазталов-Жәнібек-РФ» шекарасы және «Өнеге-Бисен-Сайқын» жолында барлық автокөліктер қозғалысына шектеу қойылды.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, тұрғындарға СМС- хабарламалар жіберуде.

Сонымен қатар, БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сәйкес, сағат 13.00-ден бастап  облыстық маңызы бар «Жалпақтал-Жұлдыз-Қарасу» және «Жаңақала-Сайқын» жолдары да жабылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары