Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыыбастау ауылының тұрғындары сәукеле киіп, жалаңаштанған шырын Нарчаеваға қатысты видеоүндеу жолдады. Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі @azilgo парақшасында жарияланды.
Наразылық шарасына 50-ге жуық жігіт жиналыпты. Кадр сыртындағысы кимешектің қазақ ұғымында киелі киім екенін айтып, Шырынды ақылға шықара сөз сөйлейді.
Желі қолданушыларының арасында ер адамдардың бұл әрекетін қолдағандар да, қолдамағандар да бар.
Еске сала кетейік, күні кеше ғана Шырын Нарчаева өзін 2 бойжеткеннің ұрып кеткені туралы түсірілген видеосын желідегі парақшасына жариялаған еді.