Семейде әйел төртінші қабаттың балконынан секіріп өлді деп жазады Newtimes.kz.
Әйел өзіне қол жұмсады ма, әлде бұл кездейсоқ болған жағдай ма полиция анықтап жатыр.
Балконнан секірген әйелді куәгерлер көрген. Кейбіреуінің айтуынша, сол уақытта үйіне келіп қалған күйеуі әйелді құтқарып үлгермепті.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, 3 қаңтар күні жедел жәрдем қызметкерлерінен «102» кезекші бөліміне хабарлама келіп түскен.
«Төртінші қабаттың балконынан 38 жастағы әйел секіріп өлген. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жасалуда. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – дейді ШҚО Полиция департаментіндегілер.