$ 446.49  475.38  4.79

Астанада аялдама әйнегін теуіп сындырған жігіт не үшін ондай әрекетке барғанын түсіндірді

Астанада аялдама әйнегін сындырған ер адамды ұстады деп жазады NewTimes.kz.

Бұған дейін  Байтұрсынов көшесіндегі аялдамалардың бірінде ер адамның бұзақылық жасаған видеосы желіде тарап кеткен еді. 

«Шұғыл іздестіру шарасы барысында Түркістан облысының 22 жастағы тұрғыны ұсталды. Қызымен ренжіскен ол ашумен аялдаманың әйнегін тепкенін мойындады»,  – дейді полицейлер. 

Айта кетейік, бұған дейін департаменттегілер бұзақылық жасаған ер адамды 200 күн жұмысқа жегіп немесе белгілі бір мерзімге қамауға алатындарын мәлімдеген еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары