$ 444.32  473.33  4.76

Таиландта туристер автобусы апатқа ұшырап, алты адам мерт болды

Таиландтың орталық бөлігіндегі Патхумтхани провинциясында болған жол-көлік апаты салдарынан алты адам қаза тауып, 50-ге жуық адам зардап шекті деп хабарлайды The Bangkok Post.

Полицияның хабарлауынша, Бангкок қаласына қарай жүрген екіқабатты автобус 6 қаңтар күні жергілікті уақытпен cағат 03:20-да (Астана уақытымен сағат 04:20) аударылды.

Жолаушылардың айтуына қарағанда, жол апаты кезінде жаңбыр жауып тұрған, ал автобус жүргізушісі басқа көлік құралымен соқтығыспау үшін тежегішті басып қалған.

Жол-көлік апаты салдарынан бір ер адам, төрт әйел және бір сәби қаза тапты. Сонымен қатар, 50-ге жуық адам түрлі жарақат алған.

Құтқарушылар зардап шеккендердің барлығын жақын жердегі ауруханаларға жеткізді. Полиция сұрау жүргізу үшін ауруханаға жеткізілгендердің арасында болуы мүмкін автобус жүргізушісін іздеуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары