$ 443.35  475.54  4.82

Димаш Құдайберген Қытайдағы музыкалық шоуда қазылық етеді

Танымал әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Hunan TV телеарнасында болатын «Супер дауыс» музыкалық шоуында қазылық етеді. Бұл жаңалығымен ол өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

«Хунан ТВ телеарнасындағы «Супер дауыс» (Супер голос) жаңа мегажобасының финалдық түсіріліміне жиналудамыз. Онда білімді вокал шеберлері бақ сынайды. Мен әділқазылар құрамындамын. Барлық қатысушыларға сәттілік», - деп жазды әнші.

Айта кетсек, Димаш Құдайберген өткен жылдың желтоқсан айында «The Silk Road Cohesion Awards 2018» халықаралық шарасында «Жыл әншісі», әрі «Ұлы Жібек жолының мәдени елшісі» атанған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары