Қызылордада жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып өлтірді деп хабарлайды ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникация департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.
2018 жылы 28 желтоқсанда кәмелет жасына толмаған бала көлікпен жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жол-көлік оқиғасы дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
«Автокөлік кінәлі адамның анасына тиесілі. Сол күні ол ата-анасының рұқсатынсыз көлікпен қалаға шығып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Оқиға орнында ол зардап шеккен адамды көлігіне салып, ауруханаға жеткізген. Алайда ол 1 қаңтарда алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды. Жасөспірім өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі уақытта ол анасының қарауына берілді», - делінген хабарламда.
Сонымен қатар, автокөлік иесіне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Тергеу шаралары ІІМ бақылауына алынды.
«2018 жылы 28 желтоқсан күні Қызылорда қаласында орын алған ЖКО дерегі бойынша Казақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен және 349-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайлары анықталуда. Тергеу жұмыстары полиция департаменті басшысының және облыс прокурорының ерекше бақылауында», – делінген хабарламада.
Дереккөз: Tengrinews.kz