$ 444.32  473.33  4.76

Бес қыз өртеніп өлді: Квест ойынының арты қайғымен аяқталды

4 қаңтарда Польшаның Кошалин қаласында 15 жастағы бес қыз escape-квест орындау кезінде шыққан өрт салдарынан қаза тапты деп жазады The Guardian.

Ереже бойынша қыздар шектеулі уақыттың ішінде бас қатырғыш сұрақтар мен сынақтардан өтіп, бөлмеден шығуы керек болған.  Құрбылар арасындағы бір қыздың туған күнін осылайша атап өтуді жөн көрген. Ғимаратта кенеттен өрт шыққан, осылайша қыздар бөлмеде қамалып қалған.

Өрт сөндірушілер 26 жастағы жігітті аман алып қалған, болжаммен ол квеструм қызметкері. Қазіргі уақытта дәрігерлер жігіттің өмірі үшін күресіп жатыр. 

Қала билігі өрттің шығуына эелектрсымдарының істен шығуы және қауіпсіздік шараларын тексеру кезінде немқұрайлық таныту себеп болғанын айтады. Алайда нақты себебі әзірге айтылған жоқ.  Қалада қаралы күн жарияланды.

Ел президенті Анджей Дуда қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты.  Осы оқиғадан соң, елдегі барлы осындай нысандардың өрт қауіпсіздік шаралары тексеріліп жатыр. Өрт сөндірушілер мұндай ұйымдарды ашу үшін олардан ешкім рұқсат сұрамайтынын айтады. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары