$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандық қажылар Мина жазығындағы қайғылы оқиға туралы пікір білдірді

Алматының халықаралық әуежайында  «Жидда – Алматы» рейсімен келген қазақстандық қажыларды туыстары мен БАҚ өкілдері күтіп алды.

«Мина жазығында болған оқиғаны қазақстандық қажылардан ешкім көре қойған жоқ, алайда қазақстандықтар жатқан қонақ үйдің қасындағы ауруханаға келіп кетіп жатқан жедел жәрдем көліктерінің сиреналары естіліп, ауруханаға кіргізіп жатқан жапа шеккен адамдарды көрдік. Бірақ бұл жерде бір мәселе бар. Мұны сан-саққа жүгіртіп, саяси астар іздеп, түбінде қажылыққа баруға болмайды деп те жатқандар бар. Бұл әрине, олай емес. Кейде Алланың қалауымен осындай жағдайлар болып жатады, бірақ ол үшін қажылықты жек көріп, Мекке, Мединадан бас тартуға болмайды. Себебі, адамның жаны шығатын болса, оған нақты бір себептің де керегі жоқ», – дейді тілшіге берген сұхбатында Мұхамеджан қажы.

Қажылыққа бірінші рет барған Әлібек Назарбек атамыз бен апамыз Сауд Арабия халқының ұйымдастыруына, күтіп алуына ризамыз дейді. Егде жастағы кісілер қажылық парызын жеңіл атқарып шыққандығын да айта кетті.

«Меккеден Жидда қаласына жету ұзаққа созылды, себебі қайтушылардың көптігінен екі қаланың ортасында жол кептелісі ұзағынан болды», – дейді егде жастағы қажылар.

Естеріңізге сала кетейік, биыл  4600-ге жуық қазақстандықтар Мекке қаласына аттанған болатын. Мина жазығында болған қайғылы оқиғадан көз жұмып, жарақат алғандар қатарында қазақстандықтар жоқ.

Биылғы қажылықта егде жастағы кейуана денсаулығы нашарлап, жергілікті ауруханаға түскен, артынша сол жерде бақилық болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары