$ 494.87  520.65  4.91

«Басынан тепті»: Алматы облысында ер адам подъезде әйелге шабуылдады (ВИДЕО)

Алматы облысында ұры үй подъезінде әйелге шабуылдады. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалды деп жазады Stan.kz.

Тонау оқиғасы Іргелі ауылына 29 жетоқсан күні болған. Видеороликті жіберуші әйелдің сырғасын шешіп алғанын айтады.

Видеодан жігіттің әйелдің артына келіп қылқындырғанын, кейіннен басынан екі рет теуіп қашып кеткенін көруге болады. Әйел оны ұстамақ болғанымен, жігіт қашып кетті.

Облыстық полиция департаменті оқиғаны растап, күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары