$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанның екі өңіріне дабылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты екі өңірде ескерту жариялады деп жазады ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, 8 қаңтарда күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын күтіледі. Тәулік бойы кей жерлерді тұман басады. Оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 25 м/с артады.

8 қаңтар күні Шымкент қаласында түнде және таңертең оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с дейін күшейетіні күтіледі.

8 қаңтарда Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді деп болжануда.

Сондай-ақ Маңғыстау облысында кей жерлерді тұман басып, көктайғақ  болады. Тұман мен көктайғақ, сондай-ақ Актау қаласында күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары