Еліміздегі Білім және ғылым министрлігінің басынан дау арылмай қойды.
Бұл министрліктің еш жұмыс жасамайтындығының жемісі. ҰБТ даумен басталып, даумен бітетініне ел үйренісіп қалды. Одан бөлек жатақхана мәселесі, оқу ақысы, мектеп бағдарламасы, метептер асханасы секілді даулы түстары жыл сайын қайталанып келеді. Мектеп бағдарламасы демекші, оқулықтан тағы олқылық шықты. Бұған дейін «емшек» туралы жазып елді шоқытып еді, енді Қамбар батырдың оң қолына арақ, сол қолына шылым ұстатып қойыпты.
Бұған дейін баларды батырлар жырымен тәрбиелеу керек деп кеген едік. Енді жазғыштар батырларды да «бұзып» тынды.
Бүгін «Фейсбук» әлеуметтік желісіне Алмас Жұмағали есімді жігіт орта мектептің 9 сыныбына арналған қазақ әдебиеті пәнінің оқулығында басылған «батырлар жырын» жұрт назарына ұсыныпты.
«Астанадан Дастан Ильясов бауырым жіберіпті. Қамбар батыр жырында осындай жолдар бар ма еді? Тіпті, "бриллиант" "бөтелке" "шылым" деген сөздердің жүргені былай тұрсын, "арақ - шарапқа" шейін сандықта жатыр. Бөтелкені біз орыстан алдық, орыстардың оны ағылшындардың bottle дегенін еркелетіп икемдеп алды. Сонда Қамбар батыр жырын жазған адам ағылшыншадан да құр алақан емес сияқты, ал Қамбар батыр шылым тартатын, арақ-шарап, қымызды араластырып іше беретін "бұзылған" батыр болған сыңайлы. Осы жерде Мектеп баспасынан яки Білім министрлігінен адам бар ма?», – деп жазады Алмас Жұмағали.
Бір өкініштісі сол мектептердегі әдебиет пәнінің мұғалімдері оқулықтағы қателіктерді көрсе де көрмегендей оқыта беретіндігі.