$ 449.58  486.94  4.86

Астанада жол ережесін бұзған той кортежі лауазымды полицейдің ұлы екен

Қазақстанның ішкі істер министрлігі  жоғары шенді полиция қызметкерінің баласының үйлену тойына келген кортеж Астана қаласында жол ережесін өрескел бұзуына байланысты қызметтік тексеріс жүргізуде. 

"Қазіргі уақытта осы факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізілуде.Тексерудің нәтижесі қосымша хабарланатын болады",-делінген ведомствоның хабарламасында.

Бұрын хабарланғандай, әлеуметтік желіде бейнежазба табылған соң полиция үйлену тойы кортежінің тоғыз жүргізушісін  ұстады, олар 7 бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Астана қаласында Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Балташевтің баласының үйлену тойын атап өтуші — үйлену тойы шеруіне қатысушылар, сонымен бірге жалға алынған көліктің жүргізушілері жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,-деп атап көрсетеді  ІІМ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары