Пекинде белгісіз ер адам бастауыш мектеп оқушыларына шабуылдады деп хабарлайды РИА Новости Сичэн қаласының баспасөз орталығына сілтеме жасап.
Оқиға сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11:17-де болған. Жараланған 20 бала ауруханаға жеткізілді. 3-еуінің жағдайы ауыр.
Полиция күдіктіні сол сәтте қолға түсірді.
Ер адамның қолында қандай қару болғаны және не үшін бұндай қадамға барғаны анықталып жатыр.