$ 494.87  520.65  4.91

«Қазтелерадио» АҚ-ға 11,6 миллион теңге айыппұл салынды

«Қазтелерадио» АҚ-ға 11,6 миллион теңге әкімшілік айыппұл салынды деп хабарлайды ҚР ҚЭМ баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті «Қазтелерадио» АҚ-ға қатысты ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 2-тармағы бойынша көзделген үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бөлігінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізді.

«Қазтелерадио» АҚ әрекеттерінде телекоммуникациялық жабдықтарды сақтау жөніндегі қызметтерге нарық субъектiлерiмен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бірдей келiсiмдерге объективті түрде ақталмайтын себептермен әртүрлi бағаларды не әртүрлi шарттарды қолданудан көрінген Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактісі анықталды», - делінген ҚР ҰЭМ сайтында. 

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2018 жылғы 20 қарашадағы қаулымен «Қазтелерадио» АҚ-ға құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және 11 618 205,36 теңге мөлшеріндегі әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданды (қазіргі кезде заңды күшіне енді).

Сонымен қатар, «Қазтелерадио» АҚ-ға Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын бұзушылықтарды тоқтату және олардың салдарларын жою туралы нұсқама шығарылды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары